Биыл 250-ден астам тұрғыны бар ауылдарға интернет тартылады
Kyzylorda-news.kz. Биыл жыл соңына дейін Қазақстанда 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендер жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министр Асқар Жұмағалиевті қабылдады.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстан Президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.