Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Үкіметтегі ауыс-түйіс

Үкіметтегі ауыс-түйіс


Атамқұлов Сыртқы істер министрі болды
Сыртқы істер министрі болып Бейбіт Атамқұлов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылсын", - делінген Қаулының мәтінінде.



Жеңіс Қасымбек Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды
Ж.М.Қасымбекті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындау туралы
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын.



Асқар Жұмағалиев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Қаулының мәтінінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 26 желтоқсан № 810
27 желтоқсан 2018 ж. 669 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру