Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН АУЫСТЫРУ ТИІМДІ БОЛАДЫ

«БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН АУЫСТЫРУ ТИІМДІ БОЛАДЫ


       Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «Байқоңыр» ғарыш айлағының мәртебесін әскериден азаматтыққа ауыстыру мәселесіне пікір білдірді.
       «Шынымен де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әскерилерді толықтай шығару Ресей Федерациясында қарастырылып жатыр. Әзірге, аталған мәселе бойынша нақты екіжақты келіссөздерді жүргізген жоқпыз. Алайда бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», - деді Бейбіт Атамқұлов Мәжілісте тілшілерге берген жауабында.
       Министрдің атап өтуінше, ғарыш айлағының мәртебесін азаматтық деңгейге ауыстырудың өзіндік оңтайлы тұстары бар.
       «Себебі ашық коммерциялық жобаларды тарту мүмкіндігі ашылады. Бүгінде коммерциялық сала әлемде айтарлықтай қызығушылық тудыруда. Бұл тұрғыда аппараттарды ұшыруға қажеттілік бар. Өткен жолы айтқанымдай, әлемде 1000 мыңнан астам спутник ұшыру қызметтерін күтіп тұр», - деп түсіндірді Атамқұлов.
31 мамыр 2018 ж. 874 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области