Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Айтыс өнерінің алдаспаны Заметдин Ибадуллаевтің есімі ешқашан өшпейді

Айтыс өнерінің алдаспаны Заметдин Ибадуллаевтің есімі ешқашан өшпейді

Kyzylorda-news.kz. Бейсенбіде Сыр жұртшылығы ауыр қайғыға душар болды. 81 жасында айтыс өнерінің алдаспаны, өтірік айтыс жанрының шебері, ұшқыр ойлы жырау, Сырдария ауданының құрметті азаматы – Заметдин Ибадуллаев өмірден озды.
Айтыс өнерінің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен мәні ерекше. Сыр өңірінде қасиетті қазақтың қара домбырасының күмбір үні мен дана халқымыздың сөз өнерін жанына жалау етіп, дүйім елдің құрметіне бөленіп, бабаларымыздың салған сара жолын жалғастырған суырып салма ақындар аз болмаған. Солардың бірі де бірегейі – сөз өнерінің тума таланты Заметдин Ибадуллаев болатын.
Оның ақындығының шыңы – айтыстары. Ол республикаға белгілі ақындармен айтысып, қарсыластарын өткір сөзбен түйреп, ұтқыр жауаппен ой түйінін дәл қайтаратын айтыскер ақын еді.
Заметдин Ибадуллаев 1979-1996 жылдары өткен облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, 1985 жылы ІІІ Республикалық ақындар айтысында жүлделі І орынды иеленсе, 1987 жылы ІІ Бүкілодақтық көркемөнерпаздар фестивалінің лауреаты атанған.
Ақын Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арналған «Үш мұңлық», «Түлкібай батыр» тарихи дастанын, «Хазірет Әлінің бір күні», «Наурыз көже туралы», «Әкесін арқалаған бала» дастандарының, «Ақжарма жырлар», «Жылдар мен жырлар» кітаптарының авторы.
Сыр өңірінің айтыс өнерін республикаға танытқан ақынның көп жылғы еңбегі бағаланып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2000 жылы «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Сонымен қатар, бірнеше Алғыс хаттар және Құрмет белгісімен қоса, 2007 жылы облыс әкімінің стипендиаты атанды. Қызылорда облысының 70 жылдық мерекелік медалімен, 2011 жылы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген облыстық «Елім менің» шығармашылық конкурсының қорытындысымен «Үздік ақын» номинациясын иеленген.
Сыр елінің аяулы перзенті, ақын Заметдин Ибадуллаевтың ғибратты ғұмыры, жасаған еңбегі мен жарқын бейнесі ел жадында ұзақ сақталатын болады.

Қызылорда облысының әкімдігі, облыстық мәслихат,
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, облыстық
Қоғамдық кеңес және облыстық Ардагерлер кеңесі
12 маусым 2020 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области