Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада республикалық ақындар айтысы басталды

Қызылордада республикалық ақындар айтысы басталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде республикалық ақындар айтыс өтіп жатыр.Алтын Орданың 750 жылдығына және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жыр додасының бас ұйымдастырушысы - Қызылорда қаласының әкімдігі.
«Ұлы даланың ұлағаты» атты республикалық ақындар айтысын екі дүркін "Алтын домбыра" иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жүргізіп жатыр.
Ал, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы қазылық етуде.
Өнер додасына еліміздің бірқатар қалалары мен өңірлерінен Бекарыс Шойбеков, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртайұлы, Нұрмат Мансұров, Дидар Аббасов, Біржан Байтуов, Ержеңіс Әбдиевтер қатысуда.
Айтыс басталар алдында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев республикалық айтыстың ашылуымен қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі.
Айтыстың алғашқы жұбы Нұр-Сұлтан қаласынан Нұрмат Мансұров пен түркістандық Бекарыс Шойбеков.
17 ақпан 2020 ж. 621 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области