Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҰЛТ КЕЛБЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒАЛАР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

«ҰЛТ КЕЛБЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒАЛАР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ


Мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойларына орай Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Ұлт келбетін ұлықтаған тұлғалар» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Ақындар айтысын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.
Айтыстың алғы сөзін алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев
- Бүгін, міне, халқымыздың бай мәдени мұрасын сандығында сақтап, ұрпағына ұлықтаған Сыр өңірінің Жалағаш жері айтыс өнерін өмірім деп білген айтулы ақындардың басын қосып отыр. Елімнің жетістігін, дәннен тау тұрғызған еңбеккерлерді, туған жеріміздің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қайраткерлерді жырлаймын деп келген айтыс ақындарынан суырыпсалма өнердің құдіретін, көркем ойдың кереметін күтеміз – дей келе, жыр жампоздарына сәттілік тіледі.
Айтысқа Қостанай, Алматы, Қызылорда облыстарынан және Орал, Тараз, Астана, Шымкент қалаларынан 12 айтыскер қатысты.
Айтысқа жырау, домбырашы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастаған қазылар алқасы төрелік жасады.
Сайыс нәтижесінде Нұрмат Мансұров бас жүлдені, Рүстем Қайыртайұлы І орын, Айбек Қалиев ІІ орын Мұхтар Ниязов ІІІ орын иеленді.
Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің Дипломдары және қаржылай сыйлықтар табысталды.






21 қазан 2018 ж. 774 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области