COVID-19: Симптомды 7, симптомсыз 21 жағдай тіркелді

«Соңғы тәулікте 28 дерек тіркелді. Симптомды жаңа жағдайдың алтауы емхананың скринингінен, 1-еуі індет жұқтырған азаматпен байланыста болса, ал 21-і симптомсыз, оның 17-сі қарым-қатынас арқылы, 3-еуі скринингтен, 1-еуі өз еркімен ақылы тест сынамасын тапсырғаннан анықталды», - деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5785 азамат анықталды. Оның ішінде, 3487-і тікелей қарым-қатынаста, 2298-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.