Қызылордада 12 канал тазартылады

«Биыл 12 каналға және 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 4 каналға қаржы бөлініп, тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бөлінген қаржыға ұзындығы 96,4 шақырым болатын 12 канал тазаланып, олардың бойындағы 10 гидротехникада жөнделетін болады. Қазіргі таңда 3 каналдың жұмысы аяқталды», - деді Бауыржан Әліпбайұлы.
Сондай-ақ, өздігінен су бармайтын 4 елді мекенге 4 дана сорғы қондырылады деп күтілуде.
