Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавируске шалдыққан министр Біртановтың жағдайы – орташа

Коронавируске шалдыққан министр Біртановтың жағдайы – орташа

Kyzylorda-news.kz. Коронавирус жұқтырған министр Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін орынбасары Ләззат Ақтаева атқарады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып, «пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екі күн болды. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын орташа деп бағалап отыр. Жалпы Елжан Амантайұлы клиникалық хаттамаға сай ем-домын қабылдауда. Ағзасы вирусқа қарсы терапияны жақсы көтеруде. Емін қабылдағаннан кейін, жазылып, өз жұмысына кіріседі деген ойдамыз», - деді Диас Ахметшәріп.
Оның хабарлауынша, Елжан Біртанов ауруханада жұмысын қашықтан жүргізіп, штаб қызметін реттеп отыр. Бүгіннен бастап оның міндетін уақытша орынбасары Ләззат Ақтаева атқарады.
16 маусым 2020 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области