Жалағашта "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында мектеп жөнделуде

Қазіргі таңда облыстық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында қаржы бөлініп, мектеп ғимаратына тиісті күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын конкурс жеңімпазы «Real Story Invest» ЖШС жүргізуде. Ашылған жұмыс орындарына 71 адам қамтылған, оның ішінде 36 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы алынды.
Атқарылатын жұмыстар: мектептің кәріз жүйелерін жүргізу, электр желілерін, жарықтандыруды жаңарту, ғимараттың ішкі сылақ жұмыстары және есік-терезелерін ауыстыру, дәліздердің және класс кабинеттерінің едендерін жаңалау, асханаға ауыз су кіргізу және еденін кафельдеу, шатырын шиферлау.
Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін оқушылардың шығармашылық қабілеттері арттырылады, бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.


