Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданының әкімі мердігер мекеме басшыларымен кездесті

Қармақшы ауданының әкімі мердігер мекеме басшыларымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар бойынша тапсырыс беруші мекемелер мен мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, алдағы уақытта атқарылатын тапсырмалардың орындалу барысын талқылады.
Сонымен бірге «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралар туралы аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шерниязов және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.Ниматулланың хабарламалары тыңдалды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы бойынша 40 жоба жүзеге асырылады. Осы жобалар аясында жалпы 809 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Қазіргі таңда мердігерлермен еңбек шарттарын орналастыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Аудан әкімі Мұса Оспанұлы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, жасалып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген уақытта халық игілігіне берілу керектігін және мердігерлерге келісім шарт бойынша белгіленген уақытта жұмыстарды аяқтауды жүктеді.
Сонымен бірге барлық мердігерлерге құрылыс материалдарының сапалы болуын, жұмысты уақтылы бітіруді және тиянақты жасауды баса айтып тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
28 мамыр 2020 ж. 282 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области