Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫ: ЖОБАЛАР НЕСИЕЛЕНДІРІЛУДЕ

ҚАРМАҚШЫ: ЖОБАЛАР НЕСИЕЛЕНДІРІЛУДЕ


Қармақшы ауданында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиелендірудің пайыздық ставкасын субсидиялау және ішінара кепілдендіру бойынша жыл басынан 7 жоба 122,7 млн теңгеге несиелендірілді. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің қарауына жалпы құны 544,8 млн. теңге болатын 5 жоба ұсынылды.
Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов брифингте мәлімдеді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар беру бойынша 33 жобаға 23,2 млн. теңге бөлінді. Ал «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен 22 жоба 62,9 млн. теңгеге несиелендірілді.
Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жыл басынан бері барлығы 69 жоба 217,8 млн. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы арқылы 54 жоба 183,2 млн. теңгеге, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы құны 34,6 млн. теңге болатын 15 жоба несиелендірілді.
«Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде «Жаңажол» ЖШС айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалынан 83,6 млн. теңгеге несиелендірілді.
13 қыркүйек 2018 ж. 664 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области