Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА


    Кәсіпкерліктің дамуына тікелей ықпал етіп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша биыл Қазалы ауданында құны 315 млн.теңге құрайтын 12 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды.
     Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Мұрат Ергешбаев хабарлады.
    Бүгінде аудандағы өндірістік аймақта 4 жоба іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз өткізу мақсатында «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС «Қалааралық автовокзал құрылысы» жобасын іске асыруда. Бүгінгі күнге 90 пайызы дайын. Жоба инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.
    Аудан аумағынан 96 шақырымы  өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан сервистік қызмет көрсету нысандарын салуға 5 учаске белгіленген. Қазіргі таңда бір нысан пайдалануға берілсе, екі нысанның құрылысы жүргізіліп, қалған екеуінің құжаттары әзірленуде.
    Өзге аудандарға қарағанда Қазалыда балық өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік зор. Жыл басынан бері аудандағы екі балық өңдеу зауытында өңделген 1100 тонна балық өнімдері Еуропа елдеріне және Ресей Федерациясына экспортталды, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

05 желтоқсан 2017 ж. 663 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области