Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ


      Қармақшы ауданындағы ІІІ-Интернационал ауылының тұрғыны Гукчак  Рагибова 2016 жылдан бері «Талас» жеке шаруа қожалығын басқарып келеді. Қожалық 40 гектар жерге күріш егумен және мал шаруашылығымен айналысады. Жеке кәсібін әрі қарай дамытып, заман талабына сай әртараптандыру мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында қызмет көрсету кешенінің құрылысын бастап, бүгінгі күні іске қосып отыр.
    «С» санатты "Ақсарай" аталған кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі С.Мақашов қатысып, аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы ІІІ-Интернационал ауылы тұсында орналасқан кешен жобасы «жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жол бойы сервис объектілеріне және олардың қызметтерінің талаптары» нормативтік құжатында көрсетілген стандартқа сәйкестендірілген.
    Жоба ағымдағы жылдың 4 мамырында облыс әкімі жанындағы қала-сәулет құрылысы кеңесінің шешімімен мақұлданған болатын. Кешенде 120 орындық тамақтану орны, 50 орындық кафе-бар, қонақ үй, сауда дүкені, монша, автокөлік жөндеу және жуу орталығы, жеңіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақ пен эстакада, жазғы демалыс орны, жылыжай және газ құю бекеті орналасқан. Жалпы құны 350,0 млн. теңгені құрайтын кешенде, әзірге жергілікті 18 тұрғын жұмыспен қамтылған.
    Айта кетейік, жол бойындағы сервистік қызмет көрсету бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Қармақшы ауданына тиесілі бөлігінде 4 жол бойы сервистік қызмет көрсететін нысан жұмыс жасап тұр, ал қалған 1 нысанның құрылысы жүргізілуде.












21 қараша 2017 ж. 1 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области