Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІДЕ 3 ІРІ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ШИЕЛІДЕ 3 ІРІ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ


    Бүгінде Шиелі ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытындағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда.
    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Әшім Оразбекұлы хабарлады.
    Олардың алғашқысы – «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты. Зауыттың құрылысы кезеңінде 1200 адам жұмыспен қамтылып, зауыт толық іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Зауыттың іске қосылуы елімізде цемент құнын, сырттан тасымалданатын цемент көлемін едәуір төмендетуге ықпал жасайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, барлығы 380 адам жұмыспен қамтылған. Олардың дені жергілікті тұрғындар.
    – «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауытында қазір 150 адам жұмыспен қамтылған. Аталған кен орнын «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 4,5 млрд. теңгеге қаржыландыру жоспарланып, қосымша 50 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, – деді аудан басшысы.
    «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты 2012 жылдан бастап қара тақта тасты автоклавты тәсіл бойынша өңдеуді қолға алды. Жоба құны 35 млрд. теңге. Жоба жұмыс жоспарына сәйкес 3 кезеңнен тұрады, 1 кезең 2011-2015, 2 кезең 2016-2018 және 3 кезең 2019-2043 жылдар аралығы.  
    Бүгінгі күні Тайвань мемлекетіне - 40 тонна, Ресейдің Тула облысына - 20 тонна дайын өнім жөнетілді. Қазіргі уақытта компанияның қоймасында Балтық елдері республикасына жіберілетін  20 тоннаға жуық дайын өнім бар.
    2 тонна көлімдегі тәжірбиелік партиясына өнім өткізуге арналған ұзақ мерзімді келісім және тиісті офф-тэйк келісім жасау мүмкіндігін зерделеу үшін АҚШ-қа Страткор компаниясына жөнелтілді.
    Сонымен қатар, «Фирма Балауса» ЖШС-мен өнімді Тайван, Оңтүстік Корея, Қытай және Үнді елдерінің нарығына жеткізу мәселелері де зерделенуде.
    Биыл өңірлік картаға енгізілген «Таң ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн. теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасы да аудан экономикасына серпін беретін бастаманың бірі.
    Жобаның қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна құрама жем өндіру. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Аталмыш жобаны қолдау мақсатында мемлекет тарапынан зауыт құрылысы үшін 30 га жер телімі берілсе, 5000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталып, жерге орналастыру сызбасы әзірленуде.

30 қараша 2017 ж. 740 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области