Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА КӨПСАЛАЛЫ ЖОЛ БОЙЫ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

АРАЛДА КӨПСАЛАЛЫ ЖОЛ БОЙЫ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ


     Арал қаласында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық трассасы бойында көпсалалы жол бойы кешені ашылды.
    Аралдық жеке кәсіпкер Берік Жандаулетов өз кәсіпкерлігін кеңейтіп, жаңа бағытта жол бойында ораналасқан кешен ашты. Кешеннің салтанатты ашылуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
    Еске сала кетсек, жеке кәсіпкер Берік Жандаулетов кепіл жетіспеушілігі мәселесін Даму Қорының кепілдігімен шешу арқылы, Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан нысанның құрылысын аяқтау үшін несие рәсімдеген болатын. Сонымен қатар, кәсіпкер несиені 14 пайызбен рәсімдеп, қазіргі таңда оны бар болғаны 4%-пен қайтаруда, қалған 10%-ын «БЖК2020» бағдарламасы аясында мемлекет өтеуде. Бүгінде Берік Жандаулетов еңбегінің жемісін көріп, халықаралық трасса бойынан қонақ үй, шағын маркет, кафетерий, көлік жуу және жөндеу орталығынан құралған кешен өз жұмысын бастауда. Бизнес нысанда 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс орнымен қамтылуда.
    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кәсіпкер жұмысына жоғарғы баға беріп, оның еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, облыс басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға ниет білдірген кәсіпкерлерге мемлекет әрдайым қолдау көрсететінін айтты.
     «Сыр бойы»

29 қараша 2017 ж. 829 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области