Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында 9 жаңа спорт нысаны салынады

Қызылорда облысында 9 жаңа спорт нысаны салынады

Kyzylorda-news.kz. "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында облыстың спорт саласында 22 жоба бар. Оның 9-ы жаңа құрылыс жұмыстары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов.
"Аталған 9 жоба аясында Қызылорда қаласында байдарка және каноэ есу базасы салынды. Бұл спорт түрі соңғы 4-5 жыл көлемінде қарқынды дамуда. Облысымыздан шыққан 12 спортшы ҚР Ұлттық құрамасына енген. Сондай-ақ, қала және аудандарда 8 стритбол алаңдары салынады. Бұл халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыруға және спортты дамытуға септігін тигізеді",-деді Жақсылық Әбдімәлікұлы.
Сонымен қатар, облыс көлемінде біршама спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жеңімпаздар анықталды. Бүгінде құрылыс және жөндеу жұмыстары басталып кетті. Осы орайда 180-ге жуық жұмыссыз тұрғын жұмыспен қамтылады.
27 мамыр 2020 ж. 280 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области