Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мәдениет саласы бойынша 22 жоба жүзеге асырылады

Қызылордада мәдениет саласы бойынша 22 жоба жүзеге асырылады

Kyzylorda-news.kz. Мәдениет саласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы 22 жобаны қамтиды. Бүгінде 21 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігерлер анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова баяндады.
"Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының қосымша құрылыс жұмысына қайта конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігермен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, облыстық филармония ғимаратының қосымша құрылыс жұмысына, Қазалы ауданы Ақсуат, Шиелі ауданы Жиделіарық елді мекендеріндегі 150 орындық ауылдық клуб құрылыстары мен Жаңақорған ауданы Түгескен елді мекеніндегі ауылдық клубты қайта жаңғырту жұмыстарына жеңімпаз атанған мердігер мекемелермен келісім-шарт жасалды",-деді Мира Абуова.
Биыл облыстағы 3 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар "Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві" КММ-нің Арал аудандық архиві филиалы ғимараты, Шиелі ауданы Бірлестік ауылындағы "Жаназар батыр" ауылдық мәдениет үйі және Жаңақорған ауданы Жаңаарық ауылындағы ауылдық клубы. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 14 жоба жөндеу жұмыстарына бағытталады.
27 мамыр 2020 ж. 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области