Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аймақта бірқатар мәдени нысандар пайдалануға берілді

Аймақта бірқатар мәдени нысандар пайдалануға берілді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов мәлім етті.

Өткен жылы мәдениет нысандарын жаңғырту мақсатында Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық клубтары салынды. Сондай-ақ, сыйымдылығы 600 мың құжатты қамтитын жаңа типтегі облыстық мемлекеттік архивінің ғимараты пайдалануға берілді.
«Бүгінгі күні заманауи құрылғылармен жабдықталған архивте деректердің барлығы сандық жүйеге көшірілуде. Сонымен қатар, Астананың 20 жылдық мерейтойымен рухани үндес Қызылорда қаласының 200 жылдығында Алаш арыстарының басын қосқан алғашқы астана болып, Қазақ атауын қайтарған тарихи ғимарат Қазақ атқару комитетінің сызбасы үлгісінде «Қызылорда қаласының тарихы» музейі ашылды», - деді Ә.Ерсұлтанов.
30 қаңтар 2019 ж. 401 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области