Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МУЗЕЙ – ТАРИХ, МУЗЕЙ – ТАҒЫЛЫМ

МУЗЕЙ – ТАРИХ, МУЗЕЙ – ТАҒЫЛЫМ


Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әділбек Ерсұлтановтың айтуынша, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне жөндеу-реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, музей заманауи үлгіде толығымен қайта жабдықталған.
Тарихын тарқатар болсақ, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақ ССР Жоғарғы советі президиумының ұйымдастыру комитетінің 1939 жылғы қаулысымен құрылған. Алғашқы жылдары жұмысын өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеуден бастаған. Облыстық музей орналасқан ғимарат 1953 жылы салынған. Бүгінгі таңда облыстық музей Сыр бойының өткені мен бүгіні жайлы баяндайтын үлкен мәдениет орталығына айналды.
2015 жылы облыстық музейде реконструкция және реэкспозиция жұмысы жүргізіліп, музей жаңа заманауи кейіпке енді. Реэкспозициялық жұмыстан кейін облыстық музей заманауи экспозициямен жабдықталды. Сондай-ақ, музей заман талабына сай жаңа компьютерлік технологиялармен бірге дамуда. Оған дәлел – мультимедиялық презентациялар, сенсорлы моноблок, «Музеолог» бағдарламасы мен әр зал LED телевизормен жабдықталған. Экспозицияны ашатын видеоматериалдар қосымша құрал ретінде көрерменге ұсынылуда. Фойелерде орналастырылған сенсорлы моноблоктар арқылы музей әлеміне виртуалды енуге, музей қорындағы зергерлік және этнографиялық бұйымдар коллекциясын тамашалауға болады.
Нақты кезеңде облыстық музейдің қорында 55 416-ға жуық экспонат сақталып, оның 4502-і музейдің экспозиция залдарында орналасқан.
Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» саласы бойынша берген тапсырмасына сәйкес, өткен 2017 жылы аймағымыздағы музей экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні Қызылорда облысының 12 музейінде «Рухани жаңғыру» тақырыбы ескеріле отырып, экспозициялар жаңартылды.



24 қыркүйек 2018 ж. 703 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области