Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА 1925 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ҒИМАРАТЫ ҚАЙТА САЛЫНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1925 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ҒИМАРАТЫ ҚАЙТА САЛЫНДЫ

Сырдарияның сол жағалауында бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша құрылысы қайта салынды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
  Ғимарат ішінде Рухани жаңғыру орталығы мен мұражай орналасатын болады. Нысанның құрылысы толық аяқталды. Жақын күнде орталық пайдалануға берілетін болады.
  «Сырдарияның сол жағалауында бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша рухани жаңғыру орталығының құрылысы қайта салынды. Онда 1925 жылы этносты «Қазақтар» деп атау туралы тарихи шешім қабылданған болатын. Жаңа ғимаратта рухани жаңғыру орталығы мен мұражай орналастырылады», - деді аймақ басшысы.
Мұнан бөлек, Сырдарияның сол жағалауында Жастар ресурстық орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап өтейік, бүгінде облыста ауылдық жердегі жастармен жұмыс істейтін 9 жастар ресурстық орталық жұмыс істейді. Мәселен, орталықтарда шет тілдері мен шешендік шеберлік курстары ұйымдастырылған.
22 мамыр 2018 ж. 612 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области