Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр спортында серпіліс бар ма?

Сыр спортында серпіліс бар ма?

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылордада спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары артып келеді. Аймақта 231 613 адам салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіштің жоғарылағанын байқатады.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны да өскен. Көрсеткіш 23 058-ге жеткен. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, Сыр спортшыларының түрлі аламандағы жетістіктері артқан. 2019 жылдың 6 айында спортшылар ҚР чемпионаттарында 907 медаль жеңіп алған. Оның 272–і алтын, 248-і күміс, 387-і қола жүлдегер атанған. Сонымен бірге, Әлем және Азия чемпионаттарында 48 медаль Сыр спортшыларына тиесілі.
«Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Былтырғы жылы 9 жоба іске қосылды», - дейді Олжас Азатұлы.
Басқарма басшысы облыс спортшыларын 2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуын қамтамасыз ету, Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Айта кетейік, алдағы уақытта «Локомотив» стадионына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кордының құрылыс жұмыстарын аяқтау жұмыстары жалғаспақ.
15 тамыз 2019 ж. 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области