Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

7 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов атқарған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз-конференциясын өткізді. Жиынға басқарма басшысынан бөлек, таеквондодан Қазақстан жеңімпазы Айнұр Есбергенова, дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Адия Сайын, каратэ-додан Әлем чемпионы Нұржан Ақпанбет, киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионы Айбек Шаукилов, ММА-дан Әлем чемпионы Ғани Әділсерік қатысып, жетісіктері, алдағы жоспарлары жайлы бөлісті.
  Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту. Есепті кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27% көтеріліп, 211 271 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты одан әрі дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
  Өткен жылы облыс аумағында 1571 бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 450 200 адам қатысты. Оның 1068-і ауылдық жерлерде өткізілді, оған 210 000 адам қатысқан. Ал биылғы жылдың 1-тоқсанында 309 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 77 300 адам қатысты.
  Жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ү.ж. сәуір айының үшінші онкүндігінде әр сенбі күні веломарафон және жапай жүгіру басталып (2 апта веломарафон, 2 апта жүгіру), қазан айына дейін жалғасады.
2017 жылы облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, атап айтсақ Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы басталды. Биылғы жылы пайдалануға беріледі.
  Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептер желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы Мерей мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасы іске қосылып, жоба аясында 1200-ге тарта баланы спортпен қамту жүзеге асырылды. Бұдан әрі, Шиелі ауданы Ақмая және Алғабас ауылдарынан дене-шынықтыру сауықтыру кешенін жалға алу жобалары іске қосылды.
2017 ж. облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 797 медальдарды жеңіп алды. 2016 ж. салыстырғанда 102 медальға артып отыр. Ал Азия, Әлем чемпионаттарында - 92 медальдарды иеленді. Бұл көрсеткіш – 45 медальға артты.
  Биылғы жылдың 1-тоқсанында облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 339 медальдарға (105 – алтын, 91 – күміс, 143 – қола) ие болды. 2017 ж. салыстырғанда 101 медальға артып отыр. Азия, Әлем чемпионаттарында 5 медаль еншіледі.
Биыл облыс тарихында алғашқы болып Айбек Шаукилов киокушинкайкан каратэден жастар арасында Әлем чемпионы атанды.
  Еркін күрестен Дәулет Ниязбеков үш дүркін Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Жастар арасында ММА спортынан Ғани Әділсерік Әлем чемпионатын бағындырса, самбодан Ғалымжан Абдрахманов Әлем кубогының күміс жүлдесіне қол жеткізді.
Сондай-ақ, Тайландтың Чиангмай қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Назерке Нұрғали рапид бойынша күміс жүлдені иеленді.


04 сәуір 2018 ж. 797 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области