Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аудандық полиция бөлімінде «Ашық есік күні» өткізілді

Аудандық полиция бөлімінде «Ашық есік күні» өткізілді

Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен Қазалы аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін ашық есік күні өткізілді.

Оған Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С.Бабанаев, Қазалы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М.Бекмамбетов, Қазалы аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатов, Қазалы аудандық жергілікті полиция қызметі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инспекторы Ғ.Аманов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі Н.Ақпанбетов қабылдау жүргізді.
Ашық есік күнінде пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыз азаматтар үшін қазіргі таңда мекемелер мен кәсіпорындардан түсіп тұрған бос жұмыс орындары және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, атаулы әлеуметтік көмектер, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, бірыңғай жиынтық төлем жөнінде түсініктеме берілді.
25 маусым 2019 ж. 509 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области