«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар арасында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын», бейресми, ресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін заңдастыру және жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің іске асырылуы туралы «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелге» пробация есебіндегі 15 сотталған қатысты. Аталған жиынға Қызылорда облысы «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы Э.Құттымбетова, жұмыспен қамту секторының меңгерушісі А.Искакова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Е.Қалданов қатысты.
А.Искакова жиын барысында медициналық сақтандыру туралы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жеке кәсіпкерлердің, сондай ақ, мемлекеттің (жеңілдік қарастырылған азаматтарға) жарна төлеу, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың аударатын жарналары туралы түсіндірсе, Е.Қалданов несие алу мәселелерін кеңінен түсіндірді. Бұған қоса, жастарды әлеуметтік жұмыспен қамту мәселесін көтеріп, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстар жөнінде айтты өтті.
Жазасын өтеушілер өз пікірлерімен бөлісіп, мамандарға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Алдағы уақытта осы азаматтарға ықпал ете отырып аталған мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасалатын болады.
М.ТҰРЫМБЕТОВ,
Жалағаш аудандық пробация
қызметінің инспекторы