ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕНДЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Облыс орталығындағы ЗК-169/5 мекемесінде жуырда босатылатын жазасын өтеуші сотталғандармен кездесу өткізілді.
Алдын-ала олардың денсаулық жағдайын, білім деңгейін, жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге қатысқан Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі және Қызылорда қалалық пробация қызметі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілдері олардың босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу туралы түсіндірме жасады.
ҚР «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік өкілеттік органдардың делдалдығы арқылы азаматтардың жұмыссыздықтан қорғалуына, жұмыс таңдауына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге кепілдік беретіндігі, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы кеңінен айтылды.
Р. ӘЛТАЕВА,
ЕТО жөніндегі аға инспекторы әділет майоры.