Қызылорда: "Ауыл - Ел бесігі" жобасы бойынша ауылдарды дамыту жүзеге асуда

Аталған жоба бойынша 8 елді мекенде (Арал ауданы Жақсықылыш кенті, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Шалқия кенті, Қазалы ауданы Бекарыстан би елді мекені, Сырдария ауданы Ақжарма елді мекені , Шиелі ауданы Ақмая ауылдық елді мекені, Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық елді мекені) 130 жұмыс орны ашылып (21 тұрақты, 109 уақытша), 52 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде:
- Ауыз сумен қамтамасыз ету 2 жоба (Бекарыстан би, Жаңақорған кенті);
- 2 мектеп құрылысы (Жақсықылыш, Жалағаш кенті балалар әуез мектебі);
- 4 мектепке күрделі жөндеу (Бекарыстан би, Ақмая, Ақсуат, Шалқия);
- Денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы (Жақсықылыш);
- Ауылдық клуб құрылысы (Шалқия);
- 10 көшені жарықтандыру (Бекарыстан би-8, Ақжарма-1, Ақмая-1);
- Көшелерді орташа жөндеу-32 жоба.
Осы жұмыстарға республикалық бюджеттен 4 636 млн теңге, жергілікті бюджеттен 490 млн теңге бөлінді.
Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.