Жалағашта залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Бүгін Жалағаш кентіндегі орталық базар, "Бибігүл ана", "Ақниет" сауда дүкендерінің маңына, дәріханаларға т.б. бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарға, тұрғындар жиі жүретін орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Мамандар ғимараттардың айналасын арнайы ерітіндімен залалсыздандырды.





