Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ


    Салауатты өмір салтын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, алкогольды заттарға тәуелділікпен күресті күшейту мақсатында  ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де «Алкогольды тұтыну салдары және маскүнемдік» атты семинар өткізілді.
           Шараның негізгі мақсаты - наркологиялық орталық мамандарымен бірлесе отырып құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
          Семинарға жасақтың жеке құрамы, «Облыстық жастар денсаулық орталығының» валеологы Гулдана Алмурзаева, Қызылорда облыстық наркология орталығының дәрігер-маманы Гүлсім Жакибаева мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер-маманы Индира Болатбекова қатысты.  
           Семинар барысында жеке құраммен сұрақ-жауап, пікірталас түрінде тақырып кеңінен ашылды. Бұған қоса, агитациялық үнпарақтар мен брошюралар таратылды.
          Медициналық-психологиялық бөлімінің медбике-құтқарушысы Жанат Сатыбалдиева шараны қорытындылап, барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдірді.
    Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы


31 қаңтар 2018 ж. 747 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области