РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Латын әліпбиіне көшу бастамасы қоғамда қызу талқылануда. Қазалыдағы Жалаңтөс баһадүр стадионының ұжымы да ортақ іске үн қосып, мәселені талқылаған жиын өткізді.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Есбосынов хабарлама жасап, бұл бастама елдің рухани жаңғыру бағытындағы ең маңызды қадам екендігін жеткізді. Жаңа әліпби болашақ ұрпаққа жаһандық ақпарат кеңістігінде ғылыми технологияның мүмкіндігін жан-жақты игеруге жол ашады.
Бөлімнің жетекші маманы Н.Өтеген де өз ойын білдірді. Ол жаңа әліпбиге көшуде әр мәселеге байыппен қарап, ой елегінен өткізу қажеттігін айтты. Жиынға қатысқандар жаңа бастама өркениетке бет бұру жолы деген байлам жасады.