Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирустың тағы бір бастапқы симптомы белгілі болды

Коронавирустың тағы бір бастапқы симптомы белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Канадалық ғалымдар көздің шырышты қабатының қабынуы коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін екенін айтты.
Конъюнктивит – көз бен қабақтың артқы жағын жабатын жұқа, мөлдір тіндердің қабынуы. Ол көзге бактериялар немесе вирустардың түсуінен пайда болады.
Канадалық офтальмология қоғамының журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар 29 жастағы науқастың жағдайын сипаттады. Науқас наурыз айында көзінің қызаруына байланысты ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған конъюнктивит диагнозын қойды, бірақ емдеу шаралары сәтсіз аяқталды. Кейін оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.
«Науқаста жөтел немесе дене қызуы болмады, сондықтан коронавирус деп ойламаған едік. Инфекцияның алғашқы белгілері өкпеден емес, көзден де пайда болатынын білмедік», - деді Альберт
Карлос университетінің офтальмология кафедрасының доценті.

20 маусым 2020 ж. 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области