Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңбыр, бұршақ, найзағай: 22 маусым күнгі ауа райы болжамы

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: 22 маусым күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 22 маусым күні құбылмалы күн райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде желдің күшеюі сақталады.
Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман болжанады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады.
Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Сондай-ақ қатты ыстық Жамбыл, Түркістан облыстарында күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
22 маусым 2020 ж. 183 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области