Қармақшы ауданының әкімі шалғай елдімекендерді аралады
Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков орталықтан қашықта орналасқан шалғай елдімекендерді аралады.
Жұмыс сапары барысын Т.Көмекбаев ауылдындағы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған құрылыс барысымен танысудан бастады.
Бүгінгі күні Т.Көмекбаев ауылдық округінде бағдарлама аясында ауылдық аурухана ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимарат шатырына демонтаж жасалып, төбесі толық жабылды. Ішкі есіктерін жаңадан салу жұмыстары мен ішкі қабырғасының бөлмелері сыланып терезелерін салу жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдағы амбулаториялық ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыс барысымен танысқан аудан басшысы нысанды мерзімінде аяқтауды тапсырып, жұмыстың сапалы орындалуына тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
Сонымен бірге ауылда Абай көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орнатуға байланысты 800 метрге бордер қойылып, брусчатка төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі келесі елді мекен Қуаңдария ауылдық округінде болып, ауылдық округ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Биылғы жылы Қуаңдария ауылдық округінде тұрғындар тарапынан 51 гектарға бақша, көкөніс дақылдары орналастырылып, күтімге алынған болатын. Сонымен бірге ауылдық округ аймағында жасыл белдеу қалыптастыру мен абаттандыру мақсатында 400-ге жуық жас ағаш көшеттері отырғызылған.
Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков жұмыс сапары барысында Алдашбай Ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе ауылдық округтерінде болып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында басталған жұмыстармен танысып, абаттандыру жұмыстары бағытында атқарылған шараларды арнайы аралап көрді.
Қазіргі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Алдашбай ахун ауылдық округінде Майлыөзек көшесін, Ақжар ауылында М. Мәмбетов көшесін, Ақтөбе ауылында А. Иманов көшесін орташа жөндеу мақсатында жерлері тегістеліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы бүгінгі жұмыс сапары аясында ауылдық округ әкімдеріне бағдарлама аясында жүргізілетін жұмыстардың сапалы орындалуын бақылап, елді мекендерді абаттандыруда нақты тапсырмаларды жүктеді.
Аудан көлемінде үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 40 жоба жүзеге асып 800-ден аса жұмыс орны құрылмақ. Тұрғындар әлеуметтік нысандарды жөндеуге, елді мекендерді абаттандыруға, өзге де құрылыс жұмыстарына тартылып жатыр.
Ауданымызда бүгінгі күні жолдар мен әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары басталды.