Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшының жаңа әкімі аудандағы мектептерді аралады (ФОТО)

Қармақшының жаңа әкімі аудандағы мектептерді аралады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентінде орналасқан №27 орта мектебі мен №30 мектебінде болып, атқарылған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен №30 орта мектебінің 4 оқу корпусының 2 оқу корпусымен №27 орта мектебінің1-ші негізгі оқу корпусының құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілген.
№27 орта мектебінде биылғы жылы жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту, сұйытылған газға ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудандағы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын заман талабына сай жаңғыртылу үстінде. Биыл 8 нысанның, атап айтқанда, 1 колледж, 2 мектептің күрделі жөндеуі, 5 мектептің жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жұмыстар аяқталған.
Аудан басшысы Мұса Оспанұлы күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

10 қыркүйек 2019 ж. 693 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области