Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданының әкімі мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты (ФОТО)

Қармақшы ауданының әкімі мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жосалы кентінің орталығында орналасқан О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі 1992 жылы пайдалануға берілген.
Білім ордасына жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» атты жоба аясында жүргізіліп келеді. Мектепте жылу, кәріз, су жүйелері, терезе, есік ауыстыру, электр жүйесі, ішкі қабырғалар және еден ауыстыру, сыртқы фасад жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта демонтаж, сантехника жұмыстары аяқталып, терезелері ауыстырылды. Ішкі қабырғаларын сылау және едендерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айынының соңына дейін оқу ордасының 2 блогы оқушыларды қабылдауға дайын болады деп күтілуде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін мерзім қазан айы деп жоспарланған.




13 тамыз 2019 ж. 472 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области