Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН


Облыс әкімдігінің аппараттық отырысында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Медет Усаин жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 мамырында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жылу беру маусымына дайындық бойынша облыстық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
«Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шараларға сәйкес жүргізілуде. Оның ішінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК №6, 9 бу қазандықтарына, №3, 6 газ турбиналық қондырғыларына, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалы мен «Қазалы Теміржолжылу» қазандықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 90%-ға орындалды. «Нұрлы жол» бағдарламасымен 8 жоба бойынша 7 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары 87%-ға аяқталды. Барлық жұмыстар 1 қазанға дейін толық бітеді», - деді Медет Усаин.
Сонымен қатар, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары 80 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстары осы жылдың 10 қазанында аяқталады. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр желілері мен трансформаторлық станцияларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 94%-ға орындалды.
«КазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын толығымен орындады. «Қызылорда Су жүйесі» МКК-де жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасымен 14 жоба бойынша су құбыры мен кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын 92%-ға жеткізді.
Жылу беру маусымына дайындық бойынша әлеуметтік нысандардың 100 пайызына және кіші қазандықтардың 97 пайызына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің 96% жылу маусымына дайын (743 үйдің 713-і, қалған 30 көпқабатты тұрғын үйдің өжірілерін жылу жүйелеріне қосуға дайындау керек).
Аймақ басшысы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету мәселесін ерекше назарға алуды тапсырды. Атап өтейік, алдағы жылу беру маусымында әлеуметтік-мәдени нысандарға 28 мың тонна көмір мен 25 мың тонна сұйық отын қажет болса, жергілікті тұрғындардың қажеттілігі – 207 мың тоннаны құрайды.
24 қыркүйек 2018 ж. 659 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области