ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда қаласындағы «Достық үйінің» мәжіліс залында «Өркениет-Қызылорда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Жоламановпен қоғамдық тыңдау өтті.
Оған қалалық және облыстық қоғам кеңес мүшелері – Б.Ақылбаев, Б.Нұрқожаев, С.Әбіш, Ж.Садуақасов, сондай-ақ, қала тұрғындары қатысты. Қоғамдық тыңдауда жылу маусымына дайындық барысы туралы баяндалды.
Айта кетейік, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қала және аудан әкімдері мен бағдарлама әкімшіліктері, кәсіпорындар мен энергонысандарда бекітілген іс шараларға сәйкес жүргізілуде.
Мыалы, «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны өз қаражаты есебіне 98 млн. тенгеге және бюджеттен бөлінген 250 млн. тенгеге стансаның негізгі және қосалқы қондырғыларына күрделі және ағымдағы жылдың жөндеу жұмыстарын жүргізген. Нақты кезеңде бұл жұмыстың 88%-ы атқарылған.
Соныфмен қатар, Е.Жоламанов «Нұрлы жол» бағдарламасымен 1 млрд. 584 млн тенгеге 13 жоба бойынша 14,5 шақырым су құбыры мен кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары 96%-ға орындалғанын жеткізді. Бұған қоса, 2018-2019 жылдары атқарылатын жоспарларымен бөлісті.
Соңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Жоламанов қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындарының сұрақтарына нақты жауап берді.