Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 560 адамға жетті

«Өткен тәулікте 2 симптомды жағдай тіркелді. Екеуі де Қызылорда қаласынан, екі жағдайда скрининг арқылы анықталған. Сондай-ақ 14 симптомсыз жағдай тіркелді. Олардың барлығы облыс орталығынан, 8-і скрининг арқылы анықталса, 9 қарым-қатынаста болғандардың арасынан анықталып отыр», - дейді басқарма басшысы.
Аймақта соңғы тәулікте 5 науқас сырқатынан айыққан. Қазіргі таңда емделгендердің саны 489 адамға жетті.