COVID-19: Өткен тәулікте 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

«Өткен тәулікте симптомды ағыммен жаңа 7 жағдай тіркелді. Оның 4-і Қызылорда қаласында, Жалағаш, Шиелі және Сырдария аудандарында 1 жағдайдан тіркелген. Аталған жағдайлардың 6-ы емханада скрининг арқылы анықталса, 1-і ақылы тест кезінде анықталған. Сонымен қатар симптомсыз ағыммен 37 жағдай тіркелді. Оның 34-і Қызылорда қаласынан, 2-і Қармақшы ауданынан, 1-і Жалағаш ауданынан болып отыр. Олардың 16-ы қарым-қатынастағылардың арасынан анықталса, 13-і емхана скринингінен, 8-і ақылы тест арқылы анықталған», - дейді басқарма басшысы.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 азамат жазылып шықты. Жалпы сырқаттан айыққандар саны 442-ге жетті