Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында кеңейтілген мәжіліс өткізілді

Қызылордада «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында кеңейтілген мәжіліс өткізілді

Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.
Жобалық кеңсенің мақсаты – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.
Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобалық кеңсенің қызметінің бағыттары:
1)қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
2)қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;
3)парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу;
4) бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру.
Сондай-ақ, Ел басының тапсырмасымен жергілікті жолдар желісін ұлғайту және одан әрі дамыту мақсатында "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленген. Онда 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын барынша көтеру.
2020 жылы аталған бағдарлама бойынша жол желісін дамытуға республикалық бюджеттен - 11 794,0 млн. теңге облыстық бюджеттен 9 551,0 млн теңге барлығы 21 346,0 млн теңге бөлініп, ұзындығы 488 км автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Департаменттің, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың қыс мезгіліндегі жай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстауы жылжымалы зертханамен зерделенуде.
Жылжымалы зертханамен шығу барысында жалпы 21 ақаулар анықталып, берілген ұсыныстар нәтижесінде 17 жойылды, 4 ақаулар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 17 маусымында облыс әкімдігінің ғимаратында «Сапалы жол» жобасының жұмысын жандандыру, оның ішінде автомобиль жолдары, материалдары мен жұмыстарының сапасына сараптама жүргізуді қамтамасыз ету тақырыбында мәжіліс ұйымдастырылды.
Мәжілісте жол саласына жауапты облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, Департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов, «Ұлттық жол активтері» сапасы орталығы РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Ж.Керімқұлов тақырыпқа сәйкес баяндама жасады және бейнеконференцбайланыс арқылы қала, барлық аудан әкімдері мен жол саласына жауапты әкім орынбасарлары қатысты.
Сондай-ақ, мәжіліс қорытындысымен, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында жұмысты одан әрі жандандыру, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға Орталықтың филиалдарымен шарттарға қол қоюды жеделдетуге байланысты ұсынымдар қабылданды.
22 маусым 2020 ж. 528 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области