Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Полиция қызметкері білімді де, білікті де болуы керек

Полиция қызметкері білімді де, білікті де болуы керек

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы полициясының құрылғанына биыл 28 жыл толды. Осы саланың дамуына сүбелі үлес қосқан, 15 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлердің бірі Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға тергеушісі полиция подполковнигі Жауенов Аскар Абдрашитұлы.
Ата заңның айрықша мәні-адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітіп, заң шығарушы, атқарушы және ішкі істер органдарының бүкіл қызметі адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын айқындайды. Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдары арқылы қорғауға құқылы.
Қызметін 2004 жылы тергеу саласынан бастаған Асқар Жауенов осы күнге дейін өз ісіне адал, қызығушылықпен антына берік болып, тергеуші қызметін абыроймен атқарып келеді.
Ол ашылмай қалған қылмыстарды тергеп, олардың тиянақты орындалуына барынша күш салып келеді.
«Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерлерінің жұмысын оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі, полиция қызметкерлерінің басты ұстанымы –берген антына берік болу, қызметінде таза болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал бұл кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігіңді түзеуден тұрады», - дейді Асқар Жауенов.
Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилікті болуы тиіс.

23 маусым 2020 ж. 244 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области