Карантин кезеңінде медициналық сақтандыру төлемдерінен кім босатылады?
Kyzylorda-news.kz. Карантин кезеңінде медициналық сақтандыру төлемдеріне қатысты сауалдар көптің көкейінде жүргені анық. Сондықтан
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова көпшіліктің сұрақтарына жауап береді.
- Төтенше жағдай режимі салдарынан ел билігі дағдарысқа қарсы әлеуметтік және экономикалық қолдау шараларын қабылдады. Соның бірі – медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік мерзімін ұзарту. «Салық демалысы» кімге және қай мерзімге дейін берілді?
- Естеріңізге сала кетейін, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Осы уақытқа дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған болып саналады және МӘМС жүйесіне қатысушы мәртебесіне қарамастан медициналық көмекке жүгіне алады.
Содан кейін, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес, шағын және орта бизнестің субъектілері 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Яғни, осы кезеңде ШОБ, сонымен қатар кейбір ірі кәсіпорындар өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыру төлемдері мен аударымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін босатылған.
Жеңілдік берілген кәсіпорындардың қатарына карантин енгізуденең көп зардап шеккен санаттар жатады - сауда, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, туристік қызметтер, кинотеатрлар және т.б. Барлығы шағын және орта бизнеске арналған 29 іс-шара және 10 ірі бизнес үшін. Басқа шағынжәне орта бизнес субъектілеріне медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуді 2020 жылдың 1 маусымына дейін кешіктіруге рұқсат берілді.
Медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдарды Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге кірмейтін барлық қалған жұмыс берушілер төлейді.
Жеке кәсіпкерлерге алты ай ішінде, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін аударымдарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек. Яғни ЖК ай сайын 1,4 АЕК-тен 5% мөлшерінде жарналарды төлеуді жүзеге асырады («МӘМС туралы» ҚР Заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес), яғни 5% х (1,4 х 42 500) = 5% х 59500 = 2975 теңге.
- Егер кәсіпкердің табысы болмаса, ол нөлдік кіріс тапсырады. Бұл жағдайда қалай болады?
- Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, ол өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, себебі мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр. «МӘМС туралы» Заңның 31-бабына, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жасамаған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 1,25% мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер жеке кәсіпкер,оның қызметкерлер 15 жеңілдік санатына жататын болса әлеуметтік медсақтандыру жүйесіне жарналар төлемейді. Олар үшін төлемді мемлекет жүргізеді.
- Мысалы, қызметкер ЖШС-де немесе ЖК-де және бір мезгілде бюджеттік ұйымда еңбек етеді. Онда МӘМС үшін жарналарды табыстың екі көзінен аударуға міндетті ме?
- «МӘМС туралы» Заңның 29-бабы 3-тармағына сәйкес, егер азамат екі жұмыс орнында жұмыс істесе және жиынтық табысы 10 ЕТЖ-дан аспаса (2020 ж. кірістен есептеу 425 000 теңгеден аспайды), онда МӘМС жарнасын екі көзден төлеуге тиіс. Ал, егертабысы 10 ЕТЖ – дан асыпкетсе, ондабіркөзден алу керек. Сонымен, ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшеріне тең келетін табыс сомасынан жарналар төлеген кезде, растайтын құжатпен жекетұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді. Мұндайқұжат – жұмыс беруші немесе салық агентінің берілген, есептелген және төленген жарналары туралы анықтама.
Егер жекекәсіпкер жұмыскер болса, онда жұмысберуші жарна есептеу объектісінің 2% мөлшерінде аударымдарды төлейді, ал жалақының 1% мөлшерінде төленеді. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, осы жылдың 1 қазанына дейін жеке кәсіпкерлер өз қызметкерлері үшін МӘМС-ке жарналар мен аударымдар төлеуден босатылады.
«МӘМС туралы» Заңның 14-бабы 3-тармағына сәйкес, әрекетсіз деп танылғандардан басқа, жеке кәсіпкерлер жарна төлеушілер болып табылады. Осылайша, егер ЖК қызметі тоқтатылса, жарна төлеудің қажеті жоқ.
- Бірақ МӘМС жүйесінде тұрақты болу үшін және барлық медициналық қызметтер пакеттеріне қол жеткізу үшін ай сайын жарна төлеу керек емес пе?
- Иә, «сақтандырылған» мәртебесін алғаннан кейін сіз тар мамандардың кеңестерінен және стационарлық көмекке, жарақаттан немесе операциядан кейін қалпына келтіру еміне дейінгі кеңейтілген медициналық көмек пакетіне қол жеткізе аласыз. Егер бұрын сіз көптеген медициналық қызметтерге ақы төлеген болсаңыз, осы жылдан бастап, дәлелдемелеріңіз болса, сіз үшінмедициналық сақтандыру қоры төлейді.
«МӘМС туралы» Заңның 28-бабына, 6-тармағына, ҚР Салық заңнамасына сәйкес, салық есептілігін беруді тоқтатқан немесе әрекетсіз деп танылған жеке тұлғалар мен жеке тәжірибе алушылар үшін 2020 жылдан бастап МӘМС жарнасын төлеу бойынша міндеттемесі қалады. Ағымды жылдын ай сайынғы төлем мөлшері 1 ең төменгі жалақының 5% құрайды (2125 теңге).
Сонымен қатар. бірыңғай жиынтық төлем де өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, ресми түрде еш жерде тіркелмеген және ресми табысы жоқ тұлғаларға сақтандырылу мәртебесін береді. 2020 жылы БЖТ көлемі қала тұрғындары үшін 2651 теңгені, ауыл тұрғындары үшін 1325 теңгені құрайды.
- Егер жарна төлеу мерзімі өтіп кетсе, сақтандыру пакеті бойынша медициналық көмекке жүгінуге бола ма?
- Егер сіз МӘМС-ке жарна төлей бастаған болсаңыз, бірақ 3 айдан астам үзіліс болса, онда сақтандыру мәртебесінен айырылып қаласыз. Сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық қызметтерді алу үшін бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін төлемдерді жасау қажет. Бұл жағдайда,сақтандырылудың мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейін, карантин кезеңінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған бола отырып, қандай медициналық қызметтерге, пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша сұрақтарымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына 1406 тегін нөміріне қоңырау шала аласыз.
Сондай-ақ медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасы халыққа қызмет көрсетеді. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.
- Сұхбатыңызға рақмет!