Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жедел жәрдем шақырту көбейген

Қызылордада жедел жәрдем шақырту көбейген

Kyzylorda-news.kz.Жедел жәрдем бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының м.а. Бауыржан Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде айтты.
«Биылғы 5 айдың ішінде жедел көмек бригадалары 3 миллионнан аса шақыртуға қызмет көрсетті. Жалпы республика бойынша жедел медициналық көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетіп жатыр. Бірақ маусым айында шақырту 10 пайызға өсті. Соның ішінде 15-22 маусым аралығында айтарлықтай өсім болды, тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті», - деді Бауыржан Жүсіпов.
Айтуынша, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында шақырту көбейген.
«Осыған байланысты жедел көмек бригадасының шақырту орнына орташа жету уақыты 12-13 минутқа артқаны байқалады», - деді ол.
24 маусым 2020 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области