Қызылорда зияткерлік мектеп ұжымы Елбасы саулығына тілектестік білдіреді

«Елбасы бойындағы күш-қуаты мен жігерплігі оның вирустық инфекцияға төтеп беріп, деніне шипа болатынына сенімдіміз. Ел болашағы - жастардың сапалы біліммен қаруланып, адами құндылықтарды бойларына дарытатын маңызы зор бастамалардың негізін салушы Нұрсұлтан Әбішұлына амандық тілей отырып, мемлекет дамуы үшін жасап жатқан талай игі естерінің куәсі болатынымызға сенімдімін», - дейді мектеп Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бахыт Жұматай.
«Нұрсұлтан Әбішұлынның мықтылығы оның бұл сынақты ойдағыдай еңсеріп, аурудан тезірек айғуынына тілектестігімізді білдіреміз. Елбасы деніне саулық, амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз», - дейді мектептің өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы Томирис Жұмағалиева.
Сондай-ақ мектеп ұжымы қазіргі күрделі жағдайда ел халқымызға барлық сақтық шараларды бұлжтыпай орындауға және өз қауіпсіздігі үшін ортақ тәртіпке бағынуға кеңес береді.