Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы қорынан тағы кімдерге 50 мың теңгеден беріледі

Елбасы қорынан тағы кімдерге 50 мың теңгеден беріледі

Kyzylorda-news.kz. "Birgemiz" қоры біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін бастайды. Бұл жолы көмекке мұқтаж 80 мың отбасыға 50 мың теңгеден беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputniknews.
Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.
"Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Birgemiz" қоры таяуда біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін ұйымдастырады. Елбасының бастамасы бойынша көмек қамқоршылар кеңесінің шешімімен ауылдық елді мекендерде тұратын аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталады", - деп жазды ол "Instagram" парақшасында.
Бұдан бөлек, ол Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан Достық ауылының тұрғындарына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы биыл шілдеде аяқталатынын атап өтті.
Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорына меценаттардан 28 миллиардтан аса ақша түскен. 23 ірі қалада, сондай-ақ, оларға іргелес шағын қалалар мен ауылдарда 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды.
Сонымен қатар, қор ақшасы коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлерін қолдауға және тұрмысы төмен 100 мың отбасыны тегін маскамен қамтамасыз етуге бағытталды.
24 маусым 2020 ж. 125 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области