Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Bizbirgemiz»: сауабы мол істен Илья Ильин бастаған Сыр спортшылары да тыс қалмады

«Bizbirgemiz»: сауабы мол істен Илья Ильин бастаған Сыр спортшылары да тыс қалмады

Kyzylorda-news.kz. Аты аңызға айналған ауыр атлет Илья Ильин зілтемірмен қатар ел мойынына түскен ауыртпалықты да бірге көтерісіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Таусоғар тұлға жерлестері ішіп-жемнен тарықпауы үшін тағам толы себет тарату акциясына белсене қатысып келеді. Ильяның жанында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен балуан Мақсат Исағабылов бар. Олар тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізіп, жігер жанитын сөздерін арнады. Жалпы «Biz birgemiz» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 7800 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Аймақтың кәсіпкер, меценат, депутаттары арнайы құрылған қоғамдық қорға 80 миллион теңгеден астам қаржы салды. «Nur Otan» партиясының үйлестіруімен 6313 отбасыға 50 мың теңгеден үлестірілді. Алдағы уақытта тағы 8 мыңдай отбасыға қаржылай көмек берілмек.
«Біз біргеміз» акциясы аясында жерлестеріме жылы сөз айтып, ыстық ықылас білдіріп, қолдан келгенше көмектесіп жүрміз. Мәселе бар, қиын сәт. Бірақ соған тұнжырамай бірге жеңуге ұмтылып, бір-бірімізге сүйеу, тіреу, қолдау болатын шақ туды. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Бұл кезеңде бас көтерер, атқамінер тұлғалар өз әулеті, жақын-жуығына қарайласқаны жөн», – дейді ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин.
«Аймақ тұрғындарын сабырға шақырамын. Көбі артта қалды, бұйырса аз уақытта бәрін жеңеміз деген үміттеміз. Ел аман, жұрт тыныш, тәуелсіздік тұғырлы болсын», – дейді бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев.
24 сәуір 2020 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области