Қызылорда Ауған соғысының ардагерлері 30 отбасыға азық-түлікпен көмектесті (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. «BizBirgemiz» акциясына «Ауған соғысы мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің азаматтары да үлес қостыү Олар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен бірлесіп, қоғамдағы әлсіз топтарға азық-түлік себеттерін таратуға жәрдемдесті.
Азық-түлікпен қолдау көрсетілген азаматтың бірі – Ерлан Қожахметов. Оның төрт баласы бар. Осыдан 10 жыл бұрын қан-қысымының салдарынан мүгедектікке шалдыққан. Жүрегіне де бірнше мәрте ота жасалыпты. «Жұмысқа да жарамаймын» дейді.
«Қазір індет өршіп, бәріміз үйде отырған тұста бұл біздің отбасымыз үшін үлкен көмек болды», – деп қатты қуанды.
Осылайша үш топқа бөлінген еріктілер қаладағы 30- ға жуық отбасының алғысына бөленді.
Кеңес одағы тұсында Ауған жерінде ерлік көрсеткен жауынгерлер осындай қиын кезеңде өзінің емес, өзгелердің қауіпсіздігі үшін елмен бірге болып, науқасқа ем-дом көрсетіп жүрген дәрігерлер, Төтенше жағдай қауіпсіздігін қамтамасыз етіп күні- түні еңбек етіп жүрген сарбаздар мен полиция қызметкерлері және әлеуеттік әлсіз топтарға азық-түлік таратып қолдау көрсетіп жүрген еріктелер бүгінгі күннің нағыз батырлары екенін айтып оларға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Жалпы акция басталған уақыттан бері демеушілердің қолдауы нәтижесінде, әлеуметтік сала өкілдері мен еріктілердің көмегімен облыс бойынша 7 мыңнан астам әлеуметтік әлсіз отбасыларға 1 реттік азық-түлікпен көмек көрсетілді