Шиеліде 40 медицина қызметкерінің отбасына көмек көрсетілді
Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараковтың ұйымдастыруымен күндіз-түні еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 40 медицина қызметкерінің отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінен бөлек, Төңкеріс ауылдық округі бойынша 20 отбасыға және Балаби елді мекенінен 15 отбасына, аудан орталығы бойынша көмекке мұқтаж 40 отбасына қайырымдылық жасалды.
Бұл шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқан аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлына, аудан тұрғыны Бегімтай Сатаев, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патыма Махамбет, ауданның ерікті жастарына халық алғыстарын білдіруде.
Бұл жасалып жатқан қайырымдылық шараларына Шиелі ауданының Құрметті азаматтары мен облыстық мәслихат депутаттары, атап айтқанда, белгілі кәсіпкер Рабибі Нұржанова, облыстық мәслихат депутаты Тілеуберген Шаутай, «Шиелі-Жарығы» ЖШС-нің директоры Қалмырза Қасымов және жеке кәсіпкер, «Құрмет» орденінің иегері Берік Қыдырбаев, ардагер, қоғамдық Кеңес мүшесі Тілеубек Бабасов, сондай-ақ аудандағы 71 жеке балабақша ұжымдары қаржылай көмек көрсетті.
Жиналған қаржыға «Байқоңыр ӘКК» АҚ еншілес кәсіпорны «Алтын Қамба АӨК» ЖШС қолжетімді бағада азық-түлік ұсынып, 20 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері алынды.