Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыстық мәслихат депутаты сырдариялық 250 отбасына көмек көрсетті

Облыстық мәслихат депутаты сырдариялық 250 отбасына көмек көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында #BizBirgemiz акциясы аясында Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының белсенді мүшесі, белгілі кәсіпкер Расул Есенов төтенше жағдай кезеңінде аз қамтамасыз етілген 250 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Оның ішінде әр отбасыға 10 келілік күріш, 2 литрлік күнбағыс майы және 5 келі макарон өнімі таратылды. «Бұл менің азаматтық парызым» дейді жанашыр азамат.
Бұған дейін де Расул Әбутәліпұлының мұқтаж азаматтарға арнап қайырымдылық көмек көрсетіп келе жатқанын жазған болатынбыз. Бірақ бұл жолғы көмектің орны бөлек. Өйткені ел-жұрт бұған дейін мұндай төтенше жағдайды бастан өткерген жоқ. Өкініштісі, қауіпті індет біздің ауданымызға да келіп жетті. Бұл сақтық шараларын күшейтетін уақыт келді деген сөз. Ал мұндай қысылтаяң шақта тек жүрегі ел деп соғатын азаматтар ғана қайырымдылық көмек көрсететіні айтпаса да түсінікті.
І-топ мүгедегі Бақыт Жайсаңбаев жомарт кәсіпкерге шынайы ризашылығын білдірді.
"Қазір әлем халқы қиын жағдаймен бетпе-бет келді. Сақтық шараларының күшейтілгенін баспасөз құралдарынан күнделікті танысып отырмыз. Осындай кезеңде көмек көрсетіп, азық-түлік өнімдерін үлестірген Расул Әбутәліпұлы басқаратын «Углесбыт» серіктестігінің ұжымына алғыс айтамын. Жұмыстарына жеміс тілеймін", – дейді ол.
09 сәуір 2020 ж. 217 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области