Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҒАШТЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ

ЖАЛАҒАШТЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ


Ауылдың өзекті мәселелеріне, оның ішінде тұрмыс-тіршілігі аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетіп келе жатқан, ылғи да ауыл жастарына түзу жолды сітеп отыратын жалағаштық «Иманқұл» мешітінің ұжымына ауыл халқының айтар алғысы көп. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы мешіт ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген «Жомарт жүрек» байқауында «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына ие болған.
Бір ғасырдан астам уақыт бұрын бой көтерген «Иманқұл» мешітінің имамы Айбек Мәдиев көмек сұрай келген жандарға қашанда қол ұшын созуға дайын. Жыл басынан бері әр ай сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсеткен. Сонымен қатар "Ұмай' мүмкіндігі шектеулі балалар бақшасына қаржылай және азық-түлік өнімдерімен көмек берген.
Биылғы жылы көктем айларында ауыл ардагерлерімен Қорқыт ата кесенесі мен Марал Ишан баба басына барып тәу етіп қайтқан болатын. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында кең көлемде қайырымдылық шарасын өткізіп, 100-ге жуық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен бірге балалар күніне орай балаларға арнап сый жасап, "Мектепке жол" акциясы аясында біршама оқушыға оқу-құрал жабдықтарна көмек көрсеткен.
02 қараша 2018 ж. 625 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области